Ақтауда отбасылық жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Ақтаудағы 20-ықшамауданда болған жаппай төбелестің видеосы пайда жарияланды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.
Төбелестің видеосы Instagram-дағы cenzura_aktau парақшасында жарияланды. Жанжалға қатысушылар көлікті тепкілеп, кейін оқиға орнынан кетіп бара жатқан көлікті қуған.
Төбелес 20-шы шағын ауданда болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Ведомство өкілдері төбелеске отбасылық жанжал себеп болғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2207924-aqtauda-otbasylyq-zhanzhal-zhappai-tobeleske-ulasty-video/