Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Астана тасжолында жол апаты болып, бір адам қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

4 қаңтарда Алматы-Астана тасжолының 140-шақырымында жол апаты болып, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты туралы мәлімет Алматы облысы полициясының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Алматы-Астана" тасжолының 140-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді" - делінген хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне осы жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер жол ережесін сақтауды қатаң ескертіп, алыс жолға шықпауды сұрады.

Zakon.kz мәліметінше, оқиға жолдың қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан және көлік қозғалысы бір жолақпен шектелген бөлігінде болған. Болжам бойынша, Toyota Avalon жүргізушісі басып озу маневрін жасап, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Surf көлігімен соқтығысқан.

Айта кетейік, 4 қаңтарда Ұлытау өңіріндегі тасжолдың бірінде үш адамның өмірін қиған жол апаты болды. Полицейлер қайғылы жайтқа қатысты тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208048-almaty-astana-taszholynda-zhol-apaty-bolyp-bir-adam-qaza-tapty-video/