Алматыда күзетші өліміне қатысты іс сотқа түсті
Жарияланған күні:
"Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің бір күзетшісін өлтіру қылмысына қатысты іс Алматы қалалық сотына түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының соттары баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған, Т.-ға қатысты қылмыстық іс түсті".
Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда.
Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды.
Сот отырысы тағайындалған жоқ", - хабарлады Алматы қаласының соттары.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен. Сол кезде полиция бір күдікті ұсталғанын хабарлаған.
Екі ай бұрын осы қылмысқа қатысты істі тергеу қайта басталатыны мәлім болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208252-almatyda-kuzetshi-olimine-qatysty-is-sotqa-tusti/