Астанада автобус пен көлік соқтығысты (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Астана қаласында Әл-Фараби және Ұлы Дала даңғылдарында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға куәгерлері жол апатын видеоға түсіріп алған. Әл-Фараби мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған жол апаты туралы видео Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланды.
Астана полициясының департаменті жол апатына қатысты мәлімет таратты.
"Әл-Фараби – Ұлы Дала даңғылларының қиылысында Kia маркалы автомобиль жүргізушісі оңға бұрылар кезде қарама-қарсы келе жатқан IVECO маркалы автобусқа жол бермей, соның салдарынан екі автомобиль соғысып қалды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Kia жүргізушісі жауапқа тартылды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі", - деп хабарлады полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208300-astanada-avtobus-pen-kolik-soqtygysty-video/