jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында 95 көлік соқтығысты: жаппай жол апатының тағы бір видеосы пайда болды

    Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан апат
    Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/sergek.kaz/

    Ақмола облысында Астана-Щучинск тасжолында болған ірі жол-көлік апатына қатысты жаңа видео желіде жарияланды. Кадрлар апатқа ұшыраған көліктердің камерасынан алынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Видеоны Instagram желісіндегі sergek.kaz парақшасы бөлісті. Кадрлардан жолдағы көріну деңгейінің төмендігін және қатты желдің әсерін байқауға болады.

    Бұл жағдайлардың апатқа ықпал еткені пікір білдірушілердің де назарынан тыс қалмады.

    Желі қолданушылары апаттың себептерін қызу талқылады.

    "Қою тұман барын анық көруге болады, жолға шыққан жүргізушілер абайсыздық танытқан", "Жолды көрмесеңіз, неге жылдамдықты асырасыз?", "Тұман, көктайғақ – ал олар зымыранша ұшады", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, 3 желтоқсан күні бұл жаппай апатта 95 көлік соқтығысып, көптеген көлікке зақым келген. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, жолдағы көріну деңгейінің төмендігі мен көктайғақ апаттың негізгі себептері ретінде қарастырылып отыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Ақмола облысында 95 көлік соқтығысты: жаппай жол апатының тағы бір видеосы пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.