Жамбыл облысында жүргізуші көлікте отшашу атқан (видео)
Жарияланған күні:
Жамбыл облысы Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде көлікте отшашу атқан жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг барысында түнгі уақытта өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтаған. Ол көлігінің жүксалғышының үстіне пиротехникалық затты бекітіп, оны көлік қозғалып тұрған кезде іске қосқан.
28 жастағы ер адамның әрекеті ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2-бөлігі бойынша бағаланып, оған қатысты хаттама толтырылды.
ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208888-zhambyl-oblysynda-zhurgizushi-kolikte-otshashu-atqan-video/