jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында монша өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

    Өрт сөндірушілер
    Өрт сөндірушілер: pixabay.com

    Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қараөткел кентінде қоғамдық монша өртенді. Екі қабатты ғимараттың бу бөлмесіндегі ағаш қаптама жанған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Өрт ошағына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы ғимараттан 25 адамды, оның ішінде 17 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Сондай-ақ үш газ баллоны өрт аймағынан тыс жерге шығарылды.

    "Өрт дер кезінде сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

    Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылғаны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

    Сонымен қатар Ақсай қаласында көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, екі баланың терезеден секіргенін еске саламыз. Өрт сөндірушілер қоңырау түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына жетіп, 12 адамды, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығарған.

    Ақмола облысында монша өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.