Top.Mail.Ru

Зектілері

БҚО-да полиция қызметкері тұрғынды қағып мерт қылды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан оқиға 1 қаңтарда Меловые Горки ауылының маңында болған.

Жол апатына ауданнан тыс жерге шығуға рұқсаты жоқ Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкері себепкер болуы мүмкін екені хабарланды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті өкілдері жол апатын растап, Қылмыстық кодектің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жарығы жоқ жолда болған. Медициналық сараптама оның мас күйде болмағанын көрсетті.

Көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарынан босатылды. Қызметтік тергеу тағайындалды, басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2209644-bqo-da-politsiia-qyzmetkeri-turgyndy-qagyp-mert-qyldy-degen-kudikke-ilindi/