Top.Mail.Ru

Зектілері

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

Жарияланған күні:

Оқиға болған жер
Оқиға орны. Фото: Павлодар ПД

"Павлодар-Семей" тасжолында қайғылы жағдаймен аяқталған жол апаты болды. Kia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Irbistv.kz телеарнасы.

Жол апаты 8 қаңтарда кешкі сағат 21.00-де Аққұла ауданындағы Тілектес ауылының маңында болған.

Полицейлердің мәліметінше, Kia Sportage жүргізушісі қар тазалағышты басып озуға әрекет жасап, қарсы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы 20:35-те хабарланған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері үш адамның қаза тапқанын тіркеген.

Ал 53 жастағы ер адам дене жарақатымен Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккен 61 жастағы екінші ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Екі көлік те арнайы тұраққа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2209781-pavlodar-oblysynda-zhol-apatynan-zhurgizushi-men-eki-zholaushy-qaza-tapty/