Top.Mail.Ru

Зектілері

Өртенген үйден екі бала шығып үлгеріп, екеуі көз жұмды: Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды (видео)

Жарияланған күні:

Өртенген үй
Өртенген үй. Видеодан кадр: КТК

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі және төрт жасар бала иіс тиіп көз жұмды. Құтқарушылар отқа оранған үйден тек 60 жастағы әйелді ғана тірі алып шыққан, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мен оларды кеше ғана көргем, есік алдында ойнап жүрді. Біздің үйдің ауласына да келді. Ал бүгін таңертең олар жоқ. Үлкен қызы мен ұлы қашып шыққан. Ұлдың аты Кирилл ғой деймін. Ауыр қайғы, әрине", - дейді Андрей Михальченко.

Қала шетіндегі ескі үй екі отбасыға арналған. Өртенген үйде 32 жастағы ер адам төрт баласы және анасымен тұрған екен. Көршілерінің сөзінше, ер адам ажырасқан. Отағасы кеше түнде жұмыста болған. Ал тілсіз жау түнгі сағат үш шамасында шатырдан тұтаныпты. Түтіндеген үйден 9 жас және 7 жастағы екі бала қашып шыққан.

Өрт сөндірушілер баспанадан ес-түссіз жатқан 60 жастағы әйел мен екі немересін алып шығыпты. Бірақ балақайлар сол күйі есін жимай бақилық болды. Қазір ересек екі бала мен әйел адам ауруханада жатыр. Мамандар өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған деген болжам айтып отыр.

"Ас үйде болған нәрсе ғой. Газ плитасы бар, одан басқа тамақ жылытатын плита бар. Солардың бәрі бір электр құрылғыларына қосылған болып тұр ғой. Сондықтан тұйықталу болып, орысша айтқанда, "нагрузка сетей" дейді. Пеш жағылмаған, осы түнде, кешкі алтыда жағылса, одан кейін пешті, бәрін тексеріп қарадық. Кешкі алтыда жағылған, одан кейін пешті пайдаланбаған", - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Думан Дәлешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2210255-ortengen-uiden-eki-bala-shygyp-ulgerip-ekeui-koz-zhumdy-qaragandydagy-qaigyly-oqiganyng-man-zhaiy-belgili-boldy-video/