Полицей өлтірілген қақтығыстың видеосы желіде пайда болды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы мекемелердің бірінде полицей өлімімен аяқталған оқиғаның видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Видео Instagram-дағы krispi_kazakhstan парақшасында жарияланды.
Оқиғаның кеше түнде болғаны айтылды. Кадрдан бір ер адамның екіншісін мекемеден жетектеп алып шығып бара жатқаны бейнеленген. Соңғысы кенет артына бұрылып, соққы жасай бастайды. Жәбірленуші шабуылдаушыдан қашып кетпек болды.
Назар аударыңыз! Видеоны балаларға, жүкті әйелдерге және жүрегі әлсіздерге көруге кеңес берілмейді!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2210640-politsei-oltirilgen-qaqtygystyng-videosy-zhelide-paida-boldy/