Almaty Arena аумағы өртке оранды: төрт бала құтқарылды (видео)
Жарияланған күні:

Алматы қаласының Almaty Arena аумағында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрттің толықай сөндірілгенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь өртенген.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен төрт кәмелетке толмаған бала құтқарылды.
Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2215106-almaty-arena-aumagy-ortke-orandy-tort-bala-qutqaryldy-video/