Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі баласын өлтірген Созақ тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстанда 35 жастағы отағасы екі ұлын пышақтап өлтірді. Балаларын жазым еткен соң өзіне де қол жұмсаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ бірнеше мәрте талпынғанымен, тірі қалды. Оның мұндай жантүршігерлік қылмысқа баруына екінші әйелімен ажырасуы себеп болыпты.

Шымкенттегі университеттердің бірінде биология пәнінен талай жыл бойы дәріс беріп келген оны бірнеше ай бұрын жұмысынан шығарып жіберген екен. Осыдан кейін көп ұзамай әйелімен де ажырасқан.

Алайда 4 және 2 жастағы бүлдіршіндердің жұбайымен бірге кеткеніне қапаланған ол Шымкентте жүрген ұлдарын артынан іздеп барып, шалғайдағы Созаққа алып кеткен.

Осы жерде балаларын пышақтаған соң үйін өртеп, өзін де өлтірмек болыпты. Бірақ қос ұлын қиналмай бауыздаған қанышер әке өз-өзіне қолы батпай тірі қалды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/284190-eki-balasyn-oltirgen-sozak-tyrgyny-oz-ozine-kol-salmak-boldy/