Тобыл өзенінің үстінде ойнап жүрген балалар суға батып кетті

Опубликовано:

Қостанай облысының Меңдіқара ауданының Буденовка ауылында Тобыл өзенінің үстінде ойнап жүрген 7 және 8 жастағы екі бала мұздың жарылуы салдарынан суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары балалардың денесін іздестіруде (3 адам мен 1 техника).

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Урунхайка ауылында Марқакөл өзенінен балық аулау кезінде екі ер адам суға батып кетті деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Олардың денелерін жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/292953-tobyl-ozeninin-ystinde-ojnap-zhyrgen-balalar-suga-batyp-ketti/