Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 10 адам картоп қосылған субүйректен уланды

Опубликовано:

Қарағандыда апта ішінде "Аян" супермаркеті желісінің аспаздық бөлімінен картоп қосылған субүйрек сатып алып жеген 10 адам облыстық ауруханаға түскен.

Бұл туралы облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

"12-17 ақпан аралығында Қарағандының инфекциялық ауруханасына "өткір ішек жұқпалы инфекциясы" диагнозымен Қарағанды мен Саран қалаларының және Бұқар жырау ауданының тұрғындары түскен. Олардың барлығы "Аян" супермаркетінен сатып алған картоп қосылған субүйректі жегендерін айтқан,- деді Байғабылов.

Алдын ала қорытынды бойынша, емделушілерде қылау (сальмонеллез) бар екендігі анықталды. Жаппай улануға байланысты тұтынушылардың құқығын қорғау органы Қарағандының 5 супермаркетіне өнім жеткізіп отырған Теміртаудағы аспаздық цехқа жоспардан тыс тексеру жүргізді.

"Тексеру нәтижесінде көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Рұқсат құжаттарының болмауы, технологиялық үрдістердің сәйкес келмеуі, залалсыздандыратын құралдардың болмауы және тағы басқа жағдайлар айқындалды. Нысанның өзі санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Зертханалық зерттеулерге сәйкес 6 цех жұмыскерінен стафилокок табылып, қазіргі уақытта олар жұмыстан аластатылды", - деп атап өтті басқарма басшысы.

Ол заңбұзушылықтарды толықтай жойғанға дейін цехты пайдалануды тоқтату туралы сотқа талапарыз әзірленіп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/303002-karagandy-oblysynda-10-adam-kartop-kosylgan-subyjrekten-ulandy/

pixel