СҚО-да Есіл өзенінің тасу салдарынан автожолды су басты
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы деңгейінің көтерілуінен республикалық маңыздағы Челябі - Новосібір автожолының бір бөлігін су басты.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
"Су көтерілуінің деңгейі ені 20 метр, ал тереңдігі 20 см құрады. Жол жабылып, жол полициясының бекеттері қойылды. Заречное кенті арқылы айналып өтетін жол істелді", - деп жазылды хабарламада.
Петропавлдың өзінде тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеді.
23 сәуірде облыс орталығындағы Есіл өзенінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Ол 10-15 күнге созылуы мүмкін, деп хабарлады ТЖД.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/310505-sko-da-esil-ozeninin-tasu-saldarynan-avtozholdy-su-basty/