Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші Антон Самойлов жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Қазақстандық жас әнші Антон Самойлов жол апатынан қайтыс болды.

Бұл туралы продюсер Адиль Лиян өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлаған.

"Ол жақсы жігіт әрі жақсы әнші болатын. Жол апаты кезінде сөз байласқан сүйіктісімен бірге көз жұмды", - деп жазған Лиян өз парақшасында. Қайғылы оқиға осыдан екі күн бұрын болыпты.

Антон Самойлов отандық тыңдармандарға "Сүйем сені ғана" әнімен танылған еді. Талантты әнші көбіне лирикалық әндерді орындап танымал болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/335415-kazakstandyk-enshi-anton-samojlov-zhol-apatynan-koz-zhymdy/

pixel