Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 500 тұрғын мұзға жығылып жарақат алды

Опубликовано:

Қыстың алғашқы күндері алматылық кейбір тұрғындар үшін сәтсіз басталды деуге болады. 4 күннен бері мұзға тайып, 500 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Ал қалалық әкімшілік ауласы ақ қар, көк мұздан тазартылмаған "Пәтер иелері коперативіне" айыппұл салуға бекініп отыр деп, хабарлайды Жетінші арна.

Қалалық Орталық клиникалық аурухана мамандарының айтуынша, көбісінің сіңірі созылып,тобық буындары қайырылған, аяқ-қолы, қабырғасы сынғандар да бар. Үш күннен бері жарақат бөлімінде тұрғындар ығы-жығы. Дәрігерлер сағат сайын науқастарға көмек көрсетіп жатыр.

"Көбінесе тобық буынын қайырып алғандар,білезік буын жарақаты.Қабырғалар жарақаттанғандар, кейде қуысы. Үш күнде 500-ге тарта адам бізге қаралуға келді" , - дейді Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының травматолог-ортопеді Әбдібек Әдіханов.

Қазір қала көшелерінде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алайда жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен аулалар қарға көміліп жатыр. Кейбір жерлерде жаяу жүру қауіпті. Күндіз қар еріп,мұз қатқан.

Әкімшілік ауласы тазартылмаған Пәтер иелері кооперативтеріне қатаң ескерту жасалды.

"ПИК-терге мерзім қойылды.10-нына дейін аулаларды тазалау керек. Тазаламаған ПИК-терге 10 ЕАК, яғни 180 мың теңге айыппұл саламыз" , - дейді Алматы қалалық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/344480-almatyda-500-tyrgyn-myzga-zhygylyp-zharakat-aldy/

pixel