Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мұғалім оқушының ҰБТ-да төмен балл үшін өзіне қол салғанына сенбейді

Опубликовано:

Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан кейін өз-өзіне қол жұмсаған 17 жасар қыз баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады 7 арна.

"Біз қайтыс болған мектеп оқушысының сыныптастарынан сұрастырдық. Қыздың өзіне қол жұмсағаны анық. Бірақ тергеу әлі жүріп жатыр, себебі анықталатын болады", - деді Атырау облысы Доссор кенті полиция бөлімінің бастығы Елубай Шәріпов.

Бойжеткеннің сынып жетекшісі оқушысының ҰБТ сынағындағы төмен балл үшін өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

"Сынақ тесттері ай сайын өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға дайындық. Ол ғана емес, басқа оқушылар да төмен балл алған. Бірақ ешкім мұндай әрекетке барған жоқ. Мен оның осындай қадамға баратынын күтпедім. Ешкім де күтпеді. Сол күні көңіл күйі жақсы болатын", - деді қайтыс болған мектеп оқушысының сынып жетекшісі Гүлжан Дәулетова.

Доссорда жыл басынан бері 10 адам өзіне қол жұмсады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен аптада Доссор кентінде орын алған. Кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен математикадан 25 балдың ішінен 1 балл алғаны үшін дәрі ішіп, суицид жасаған.

Алайда оның өлімінің негізгі себебі әлі толығымен анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/356594-atyrauda-mygalim-okushynyn-ybt-da-tomen-ball-yshin-ozine-kol-salganyna-senbejdi/

pixel