Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев жасөспірімдердің өзіне қол жұмсап, кәмелетке толмағандардың күштеп жыныстық қатынасқа түсуіне алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

Бүгін үкімет үйінде премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу және кәмелетке толмағандардың жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстарды ескерту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Бұл туралы премьер-министрдің сайтында хабарланған.

«Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың және балаларға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыстардың алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдауды тапсырды. Сондықтан, бізге осы бағыттағы жұмысты қайта қарап, жандандыру қажет», - деді Сапарбаев.

Аталған саланың негізгі проблемаларының ішінде вице-премьер мемлекеттік органдардың үйлесімді жүйелі жұмысының жоқтығын, мектеп басшылығының, ата-аналар комитетінің және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдердің өзара іс-қимылы деңгейінің төмендігін, кәмелетке толмағандар мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартудың төмен деңгейін атап өтті.

«Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғалардың орын алуының бір себебі ата-аналар тарапынан балаларға дұрыстап қарамау болып табылады. Сондықтан, ересектер өз балаларына барынша көңіл бөлгендері жөн», - деп баса айтты үкімет басшысының орынбасары.

Талқылау қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне 2015-2020 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар мен жастар арасында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алудың қосымша ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар кешінін жасауы, Білім және ғылым министрлігіне ІІМ-мен бірге өзіне өзі қол жұмсау әрекеті қаупі бар кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмін жасап, бекітуі тиіс.

ІІМ сексуалды-зорлау іс-әрекеті үшін сотталған тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын енгізу, сондай-ақ қоғамды олардың тұратын жері туралы ақпараттандыру мүмкіндігімен Жалпыұлттық сексуалды қылмыскерлердің мәліметтер базасын құру бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.

ИДМ-ге қатыгездік, зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардың психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін басқа да жағымсыз іс-әрекеттерді насихаттайтын сайттарды мониторингілеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернеттегі құқыққа қайшы контенттің таралуының алдын кесу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мектептерді психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, медициналық қызметкерлермен және мектеп инспекторларымен толығымен қамтылуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/797715-nazarbaev-zhasospirimderdinh-ozine-qo/

pixel