Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жылан үйге кіріп, асыранды тотықұсты жеп қойды (фото, видео)

Опубликовано:

Шымкентте асыранды тотықұс жыланның құрбанына айналды деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл туралы үй иесі 112 нөмеріне хабарласып айтқан. Құтқарушылар көрсетілген мекенжайға облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты құтқару жасағының мамандарын аттандырған.

Олар келгенде үй иесі бірден тотықұс тұратын торды меңзепті. Басқа ештеңе айта алмаған. Бауырымен жорғалаушы үйдегі адамдарды қорқытып қана қоймай, тотықұсты жем қылған.

Жыланның тор тұрған тоңазытқыштың үстіне қалай шыққаны белгісіз. Ал жемтігін жұтқан соң қайтып тордан шыға алмай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/841713-shymkentte-zhylan-uyge-kirip-asyrandy-t/