Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында күзетшілер мен тұрғындар арасында атыс болды

Опубликовано:

Павлодар облысы Шарбақты ауылының тұрғындары мен жергілікті ащы көлдің күзетшілері арасында атыс болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Салдарынан 3 күзетші жарақат алған.

Лебяжі ауданындағы Шарбақты көлі жергілікті тұрғындарды көптеген жылдар бойы "асырап" отырған. Тұрғындар нарықта үлкен сұранысқа ие артемия салина шаяндарын ұстап, көл күзетшілеріне бір қап жинап әкеткені үшін 34-35 мың теңге төлеп тұрады.

Бұл нарықтағы бағасымен салыстырғанда екі есе төмен төлем. Осы жағдай екі тарап арасында жанжалдың туындауына себеп болуы мүмкін.

«Жергілікті тұрғындар жағдайды ушықтырғысы келмеген. Олар тек күзетшілермен сөйлесіп көрмек болған. Алайда күзетшілер ауаға оқ ата бастаған. Кейін олардың бірі қаруды жергілікті тұрғынға кезейді. Куәгерлердің айтуынша, күзетші тұрғынға қарудан оқ атқан. Абырой болғанда қару от алмай қалған», - дейді  Лебяжі ауданы мәслихатының депутаты Ерғанат Жұмабаев.

Жанжал барысында саны басымырақ тұрғындар күзетшілердің қаруын тартып алған. Тергушілер болған жайтты тексеріп жатыр. Зардап шеккен күзетшілер сотқа тұрғындардың үстінен шағым түсірген.

Күзетшілердің бірі көлігімен аяғын басып кетті деп тұрғындарды айыптауда. Ал тұрғындар бұл айыпты жоққа шығарып, күзетшілердің өзі қашқан сәтте әріптесінің аяғын басып кеткенін алға тартты.

Тұрғындар көлді кім жекеменшігіне алып алғанынан әлі күнге дейін хабарсыз екен.

«Табиғатты қорғау полициясы келген кезде шаяндарды ұстауға рұқсат етілген көлдердің тізімін көрсетті. Онда Шарбақты көлі аталмаған. Ал көлге күзетті кім қойғаны түсініксіз», - дейді тұрғындардың бірі.

Ерғанат Жұмабаевтың айтуынша, көл тұрғындардың "жалғыз асыраушысы" болып отыр. Себебі ауылда күнкөріске септік болатын жұмыс орындары да жоқ.

«Шарбақты ауылында 1450-ге жуық адам тұрады. Олардың 400-і жұмыссыз. Егер оларға көлден шаян аулуға тыйым салғылары келсе, алдымен жұмыс орнымен қамтамасыз етулері тиіс», - дейді Жұмабаев.

Іс бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/867025-pavlodar-oblysynda-kuzetshiler-men-tu/