Қарағандыда балалар ауруханасының қызметкері көңілдесінің 14 жастағы қызын зорлап тастады
Опубликовано:
Қарағандыдағы балалар медициналық мекемесінің қызметкері бірге тұратын әйелдің 14 жастағы қызын аяусыз зорлап тастады. Ісін тындырған ер кісі қыз баладан өзін зорламағанын растайтын қолхат жазуын талап еткен.
Бұл туралы «Криминальные новости» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
31 жастағы медицина қызметкері Айбек Оразбаев Гүлнар Жамбековамен интернет арқылы бірнеше жыл бұрын танысқан.
Көп ұзамай көңілдері жарасып, бірге тұра бастайды. Гүлнардың 14 жастағы қызы да олармен бірге тұрған. Азаматқа толықтай сенуге болмайтынын іштей сезген әйел қызын жалғыз қалдырмауға барынша тырысқан.
Бір аптаға іссапарға кеткенінде Гүлнар Айбек Оразбаевтан уақытша анасының қасында тұруын талап етіп, қызын 18 жастағы немере жиеніне табыстап кетеді.
Әйел үйге 14 мамырдың кешінде келмек болған. Оны білген Оразбаев үйге мас күйде ертерек келіп, есікті ашқан қыз баланың телефонына тап береді. Телефонды шағып, балконға темекі шегуге кеткенде, жеткіншек қашып кетуге әрекеттенеді.
Алайда Оразбаев оны қуып жетіп, күштеп үйге сүйрейді. Айқайлап, көмек сұраған қыз баланы көршілерінің ешқайсысы естімей қалған.
Ер кісі қыз баланың мойнына пышақ тақап, азғындық көрсете бастайды.
«Шамамен сағат в 21.00-де ер кісі қыздың аяғынан ұстап тиісе бастайды. Кейін күштеп киімін шештіріп, сексуалдық тұрғыдан азғындық көрсетеді. Мойнына пышақ тақап, дегенін істеткен Оразбаев қыз баланы зорлап тастаған», - делінген қылмыстық істің материалдарында.
Жоғары білімі бар зорлаушы жауапкершіліктен сақтану мақсатында қыздан күштеп зорламағанын растайтын қолхат жаздыртып алады.
«Айбек Оразбаев менен ешқандай жыныстық қатынас болмағанын және оған еш қарсылығым жоқтығын растайтын қолхат жазуымды талап етті. Мен оны жазғанда әдейі өз туған күнімді өзгертіп жаздым. Осылайша қолхаттың заңды күші болмайды деп үміттендім. Кейін Оразбаев кетіп қалды. Кешкісін анам келді. Бірақ болған жайтты оған айтпадым», - деп баяндады оқушы полицейлерге.
Қыз бала келесі күні бөлесіне болған жайтты айтып берген. Ол Гүлнарға бар жағдайды айтып, қыздың анасы полицейлерге жүгінеді.
Ер кісінің үстінен бірден үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: кәмелетке толмаған қыз баланы заңсыз бостандығынан айыру, кәмелетке толмаған қыз балаға сексуалды тұрғыда жәбір көрсету және кәмелетке томаған қыз баламен қорқыту арқылы күштеп, жыныстық қатынасқа түсу.
Полиция зорлаушыға келгенде ол бірінші кезекте қолхатты тықпыштап, өзінің атына кір келтірмек екенін дәлелдеуге тырысқан.
Оразбаевтан сотқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, кейін кінәсін растайтын бұлтартпас дәлелдер табылған. Дегенмен ер кісі өз кінәсін мойындамай қойды.
«Денемді ауырсынып, оянып кеттім. Көзімді ашқанда оқушы қыз менің үстіме мініп алып, ыңқылдап отырғанында көзім шарасынан шығуға шақ қалды. Бірден әрі итеріп: «Не істеп жатырсың?» дедім. Жанар полицияға шағым түсіретінін айтып, қорқыта бастады. Анасы Гүлнар Жамбекованы жайына қалдыруымды талап етті. Мен келістім, бірақ одан ешқандай зорлық көрсетпегенімді растайтын қолхат жазуын сұрадым. Кетіп бара жатқанымда жеткіншек менің артымнан өз телефонын лақтырып жіберді», - деп сендірмек болды зорлаушы.
Өзін ақтау үшін сөздерін жүз құбылтқанына қарамастан, ер кісіге қарсы барлық айғақтар болды.
Жазадан қашқысы келген азамат адам сенгісіз жағдайларды ойдан шығарып, тіпті екі кішкентай баласы барына сендіруге тырысқан.
Алайда сөзінің еш дәлелі жоқ Оразбаев 11 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылды. Ол сонымен қатар кей қызметтерден аластатылды.
Жаза заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/928420-qaraghandyda-balalar-aurukhanasynynh-q/