Қостанай облысында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылды
Опубликовано:
Қостанай облысында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылып қалды деп жазады Қостанай таңы.
Жангелдин ауданынан шығып, Арқалық қаласына беттеген жолаушылар автобусы жолда аударылған.
Автобус аудан орталығынан 43 шақырым ұзап, Арқалық-Торғай тас жолында апатқа ұшыраған. Қуанышқа орай, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаға көктайғақ себеп болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/966906-qostanay-oblysynda-koktayghaq-saldar-2/