jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдағы арықта көз жұмған бойжеткен қалаға бір апта бұрын көшіп келген

    : UGC

    Алматыдағы арыққа құлап, қаза болған бойжеткен сол кеште ішімдік ішпеген. Бұл туралы марқұмның туған әпкесі NUR.KZ порталына хабарлады.

    Сәуле бір апта бұрын ғана Астанадағы университетті тәмамдап, қолына диплом алған еді. Бойжеткеннің әпкесі Айнұр Сәуленің салық мекемесінде еңбек тәжірибесінен өтіп жүргенін есіне алды. Бойжеткенге сол жерде жұмыс ұсынғанымен, ол Алматыда өз күшін сынап көргісі келген. 

    Сәуле ірі компаниялардың біріне жұмысқа тұрып, өзінің еңбекқорлығымен көзге түсіп үлгереді. Алайда Алматыда жақындарын сағынған Сәуле отбасымен ақылдасып, Астанаға қайтатын болып шешеді. 

    Тағы оқыңыздар: Туған жездесін көңілдесімен ұстап алған бойжеткен өмірден бір-ақ күнде түңіліп кеткен (фото)

    Осылайша Алматыда бір-ақ апта тұрған бойжеткен оқыс жағдай болар алдында үйіне билет те алып үлгеріпті. Сол кеште Сәуле құрбысымен кафеде отырып, бірге түскен суреттерін отбасына жібереді.

    Айнұр БАҚ көздерінде тараған Сәуленің ішімдік ішкен достарымен бірге болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

    Тағы оқыңыздар: Жүкті әйелге өз қанын құйып құтқарған дәрігер жұртты тәнті етті (фото)

    "Оның құрбысы жігіттер отырған көлікті тоқтатып, көмекке шақырған. Олар көмекке келген мүлде бейтаныс адамдар еді. Менің сіңлім үйге жаны жақын адам", - дейді Айнұр.

    Айнұр сіңлісінің сол кеште ішпегенін айтуда. Ал күзде бойжеткен тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген. Сәулені бүгін Жезқазғанда жер қойнына тапсырады.

    Еске салсақ, бойжеткеннің арыққа құлап қаза болғаны бұған дейін хабарланған болатын.

    Алматыдағы арықта көз жұмған бойжеткен қалаға бір апта бұрын көшіп келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.