jitsu gif
Оқыс оқиға

    Құлаққап тағып, телефонын қуаттаған ер адам тоққа түсіп көз жұмды

    : UGC

    Орталық Таиландтағы Пхра Накхон Си Аюттхая қаласында 35 жастағы Супакхет Сарабун есімді азаматтың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Usa.one парақшасына сілтеме жасап.

    Құлаққап киіп, телефонын қуаттаған ер адам тоққа түсіп көз жұмды
    Фото: usa.one: UGC

    Төтенше қызмет Сарабунды төсекте құлаққаппен жатқан жерінен тапқан.

    Оның құлаққабы қуатталып тұрған смартфонға бекітулі болыпты.

    SUN басылымының хабарлауынша, Сарабун қайғылы оқиғаға дейін футбол жаттығуларынан кейін үйіне келген. Ер адамның көршісі жігіттің өзінің хабарламаларына жауап бермегеніне назар аударған.

    "Біз одан үш күндей хабарсыз кеттік. Оның бұрынғы қызы маған телефон шалып, Супакхеттің үйіне барып келуімді өтінді. Мен оның үйіне барғаныммен есікті ешкім ашпады. Бір танысыммен есікті бұзып кірдік. Ал содан кейін оның тыныс алмай жатқанын көрдік", - дейді Сукпанья.

    Сарабун денесін тапқан көршісі төтенше жағдай қызметімен байланысып, оқиға болған жерді тінтіген. Болжам бойынша, Сарабун қуаттаушы құралға қосылған телефоннан құлаққап арқылы музыка тыңдап жатқан кезде тоққа түскен.

    "Қайтыс болуына байланысты күдіктілер жоқ, сондықтан біз бұл телефонның салдарынан орын алған жазатайым оқиға деп санаймыз. Адамдар телефонды бір уақытта қуаттап, құлаққаптарды пайдаланған кезде аса сақ болуы керек", - деп жазды www.usa.one.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Киевте құлаққапта болған 17 жастағы қызды пойыз қағып кеткенін хабарлаған едік.

    Алдын-ала болжам бойынша, марқұмның құлағында құлаққап, басында капюшон болған. Дәл осы себептен ол жақындап қалған пойызды көрмеген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің

    Telegram арнамыздан

    оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.