jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте бензин ішіп қойған үш жасар бала ажалдан аман қалды

    бөбек
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкетте бензин ішіп қойған 3 жасар баланы күйік шалып, шұғыл ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Баланың ата-анасы бірнеше минутқа оны қараусыз қалдырған. Осы уақыт аралығында бүлдіршін сусын деп ойлап, бензин ішіп үлгерген деп жазады Otyrar.kz.

    Жедел жәрдем келген соң ұл бала Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Балақайдың ауыз қуысы, өңеші мен асқазанын күйік шалыпты.

    Дәрігерлер баланың өмірін ажалдан арашалап қалған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

    Кішкентай пациент ем қабылдауын жалғастыруда. Мамандар оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық сауыққанға дейін медициналық мекемеде болады. Шамамен ол бірнеше күннен кейін үйіне шығарылмақ.

    Орталық дәрігер Шерзат Октябровтың айтуынша, бала өздігінен тамақтанады.

    Еске сала кетсек, осы жылдың 8 тамызында Шымкентте үш жасар баланың марганец ерітіндісін ішіп қойғанын хабарлаған едік.

    Кішкентай балақай Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығына ауыр жағдайда жеткізілген.

    Оның ауыз қуысын қатты күйік шалған. Бүлдіршін тез арада жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл көмек көрсетілген.

    Емдеуші дәрігерлер балаға ауыр уытты улану диагнозын қойған. Үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің жағдайы жақсарып, ол палатаға ауыстырылған.

    Сондай-ақ, ШҚО-да жасырынбақ ойнамақ болған 10 жасар қыз баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғанын хабарлаған едік.

    Шымкентте бензин ішіп қойған үш жасар бала ажалдан аман қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.