jitsu gif
Оқыс оқиға

    CҚО-да мотоциклдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

    Мотоцикл
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысында мотоциклшілердің қатысуымен үш жол апаты тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жаз басталғалы мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы тіркелген.

    Соның бірі 29 маусым күні Петропавлда болды. Сәтбаев көшесінде мотоциклші бір бағытта келе жатқан Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

    Оқиға орнында жұмыс істеген патрульді полиция батальоны қызметкерлері жинаған материалға сәйкес, 23 жастағы мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, көлікке тым жақын келген.

    Салдарынан жігіт және оның 27 жастағы жолаушысы – бойжеткен жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Мотоциклшінің көлікті басқаруға құқығы болмаған.

    Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда қырағылық танытып, ерекше сақ болуға шақырамыз. Мотоцикл жүргізушілері де, олардың жолаушылары да мотошлем киюі қажет. Жол қозғалысы ережесінде мотоциклшілерге қатысты бірнеше талап бар. 12 жастан төмен балаларды бұл көліктің артқы орындығында тасымалдауға болмайды. Мас жолаушыны да отырғызуға тыйым салынған" , - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

    Осы жылдың жазынан бастап CҚО-да мотоциклшілердің қатысуымен болған үш жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.