jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен әскери ауруханада көз жұмды

    Ерлан Рысқұлбекұлы
    Ерлан Рысқұлбекұлы. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен әскери қызметші ауруханада көз жұмды деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

    2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.

    Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған еді. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

    Қорғаныс министрлігі және KAZ. NUR.KZ редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды.

    Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

    Одан бөлек, 29 тамыз елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.