jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таразда МРТ аппараты тартып әкеткен 35 жастағы азамат ажал құшты

    МРТ аппараты
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Тараз қаласындағы медициналық орталықтардың бірінде МРТ аппараты тартып әкеткен 35 жастағы азамат қайтыс болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі жігіт МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған. Сол кезде ұдайы қосылып тұратын медициналық қондырғының қуатты магниті Фуркат Хусаин-Ахуновты ішіне тартып кеткен.

    Салдарынан 35 жастағы азамат аппараттың аузында кептеліп қалған. Бірден есінен танған жігітті аппарат ішінен алып шығу оңайға соқпаған.

    Қаза тапқан азаматтың жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тартуды сұрайды.

    "Ол біздің асыраушымыз еді. Енді не істедік?! Маған ұлымды қайтарып берсін. Ол әлі өмірдің қызығын көрмеді. Артында кішкентай қызы жетім қалды. Жұмыс істейтін бөлмені өздері босатып беруі керек емес пе? Ал ондағылар МРТ-ны орнынан қозғалтуды осыларға жүктеген", - дейді марқұмның анасы Вазира Хусаин-Ахунова.

    Ал бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Қажетті сот-медициналық сараптамалары тағайындалды.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Таразда МРТ аппараты тартып әкеткен 35 жастағы азамат ажал құшты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.