jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте перзентхана маңындағы жарылыс салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды

    сәби
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкенттегі Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталық жанында орналасқан жекеменшік дәріхана ғимаратындағы жарылыс салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды. Жарық дүние есігін ашқанына 18 күн болған шақалақ үшемнің бірі екен. Жарылыс болған уақытта орталықта 189 пациент және 65 қызметкер болған. Оқыс оқиға салдарынан тағы да 8 адам жарақат алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Оқиға салдарынан перинаталдық орталықтың 1 қызметкері қаза тауып, 1 нәресте шетінеді (баланың туғанына 18 тәулік, салмағы 790 грамм болған), 8 адам жарақат алды.

    Зардап шеккен адамдарды Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізді,"- деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Ведомствоның мәлімдеуінше, жарылыс болған ғимарат "Межбольничная 138 дәріхана" ЖШС-іне тиесілі. Ғимараттың перинаталдық орталыққа қатысы жоқ екен. Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Қала аумағында 2022 жылдың 21 мамыр күні болған оқиғаға қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, біраз экспертизалар тағайындалды,"- деді Шымкент қаласы полиция департамент басшысының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев.

    Төтенше жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 292-і бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты прокуратура тарапынан тергеу жүргіземіз және лицензиясынан айырылуы мүмкін, - деді полицейлер.

    Шымкентте перзентхана маңындағы жарылыс салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.