jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Өскеменде жанармай құю бекетіндегі ТЖ: Ер адам қайтыс болып, бір бала зардап шекті

    Өскемендегі жанармай құю бекетіндегі жағдай
    Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

    ШҚО-да жанармай бекетіндегі оқыс оқиға салдарынан жасөспірім зардап шегіп, ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО ТЖД Instagram парақшасына сілтеме жасап.

    Ведомство дерегіне сүйенсек, 28 шілде сағат 08:52-де Өскемен қаласында Промышленная көшесі бойынша жанармай құю бекеті аумағындағы жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде жанусыз ауа қосындысының жарылысы болған.

    Салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

    ШҚО ТЖД құтқарушылары бөшкеден 1980 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол резервуарды тазалаған және оған 2010 жылы туған туысы көмектескен.

    Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.