jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда туғанына 17 күн болған нәресте көз жұмды: Баланың анасы жанайқайын жеткізді

    әйел
    Юлия Кацубко.Фото: NUR.KZ

    Павлодар облысында туғанына 17 күн болған нәресте қайтыс болды. Анасының сөзінше, баласы көз жұмбай тұрып бір күн бұрын дәрігерге жүгінген. Медицина маманының оларды үйіне жібергені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Юлия Катцубко дені сау баланы өмірге алып келгенін жеткізді.

    Ол Ресей азаматы болғанымен, Павлодарда тұрады.

    Құжаттармен проблема болмас үшін Омбы ауруханасына барған. Тұңғышы дүниеге келгеннен кейін бір аптадан кейін Павлодардағы үйіне оралыпты.

    Юлия Катцубко ұлының жөтелгенін байқаған. Ол баланы емханаларға тіркей алмағандықтан, жеке дәрігерге бару туралы шешім қабылдапты.

    Қабылдау кезінде баланы дәрігер тексерген. Анасының сөзінше, анализ тағайындамаған. Олар аса қауіпті ештеңе жоқ, деп сендірген. Алайда бір күннен соң бала кенеттен өзін жайсыз сезінді, дейді павлодарлық.

    "Таңғы сағат 4-те ояндым, ұлымды еміздім, бәрі жақсы болды. Содан кейін ол қатты жылай бастады, оны көтердім, ол болса қатты дем ала бастады. Маңдайы көгере түсті, мен жағдайдың жақсы емес екенін түсіндім. Бәрі жақсы болды, бірақ содан кейін жағдайы күрт өзгерді", - деді Юлия Катцубко.

    Павлодар тұрғыны баласын ауруханаға өзі апарған. Дәрігерлер бір сағат бойы баланың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Анасының айтуынша, сараптама баланың екі жақты пневмониядан қайтыс болғанын анықтады.

    Юлия жеке клиниканың дәрігерін кінәлап отыр. Оның сөзінше, медицина маманы жұмысына салғырт қараған. Ол бұл іс бойынша фармбақылау департаментіне арызданған.

    Тиісті мекеменің өкілі Юлия Катцубконың жүгінгенін растады.

    Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

    Павлодарда туғанына 17 күн болған нәресте көз жұмды: Баланың анасы жанайқайын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.