jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап, мерт болды

    Септик
    Септик. Фото: Қызылорда облысы ТЖД

    Қызылорда облысында жеке үйдің ауласындағы септикке бір жасар сәби құлап, қайтыс болды. Бұл соңғы аптадағы екінші оқиға, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайты.

    Ведомстводан хабарлағандай, 26 наурыз күні сағат 12-ден 55 минут өткенде Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат келіп түскен. Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала септикке құлап кеткен.

    Оқиға орнында мерт болған баланың денесін ТЖД қызметкерлері келгенше туыстары өздері сыртқа шығарған.

    Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауды, аула маңындағы септик пен құдықтардың бетін қақпақпен жауып қоюды ескертті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.