Павлодарда кәріз құбырынан шала туған шақалақтың денесі табылды
Опубликовано:
Павлодарда 20 сәуірде жертөледегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.
Ведомство мәліметінше, 20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесінде орналасқан үйдің кіреберістерінің біріндегі жертөледе кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шақалақ ер баланың денесі табылған.
Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - дейді құзырлы орган өкілдері.
Айта кетелік, бұған дейін Оралда жергілікті тұрғын қоқыс жәшігінен целлофан пакетке оралған сәбиді тауып алған еді. Нәресте ауруханаға жеткізілген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2018121-pavlodarda-kariz-qubyrynan-sala-tugan-saqalaqtyn-denesi-tabyldy/