jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында екі шетел азаматының денесі табылды

    Күдікті ұсталды
    Күдіктіні ұстаған сәт. Фото: instagram.com/baurzhan__alenov

    Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғын екі ер адамның денесін тапқан. Қаза тапқандар шетелдіктер екені анықталды, күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық ПД жетекшісі Бауыржан Әленовтің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    Әленовтың айтуынша, пышақ жарақаттары бар екі ер адамның денесін жеке тұрғын үйдің аумағынан 26 маусым күні жергілікті тұрғын тауып алған. Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың Тәжікстан азаматы екенін анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың азаматы ұсталды.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің орнын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы.

    Алматы облысында екі шетел азаматының денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.