jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Ауруханаға тікұшақпен жеткізілді": ШҚО-да Белуха тауына шықпақ болған турист қыз иығын сындырып алды

    Белуха тауында
    Оқиға орнына барған тікұшақ. Фото: ТЖМ ресми сайты

    Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Белуха тауына шықпақ болған турист қыз аттан құлап, жарақат алды. Ол ауруханаға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

    Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 22 шілдеде Катонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігіне қарасты әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы (Мұзтау шыңы) Сәрсембай учаскесіне жедел ұшып барған.

    Белгілі болғандай, 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, есін жоғалтқан.

    Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтаған. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізілген.

    Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді.

    ТЖ туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарласуға болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.