jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада ойын алаңына барған екі жасар бала саусағынан айырыла жаздады

    Ойнап жүрген бала
    Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылордада ойын алаңына барған екі жасар балақай саусағынан айырыла жаздады. Сырғанақтан төмен түскен баланың қолы темірдің арасына қысылып, кішкене саусағының терісі жұлынып кеткен, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Анасының айтуынша, баланың саусағын көршісі әкелген.

    "Мына қолы (бас бармақ - ред.) жоқ қой. Шыңғырдым. Көршім жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырады. Баланың қолы қан. Қайта-қайта орап жатырмын. Сосын "жартысы қалып қойған, әзер алдық" деп қолын алып келеді ғой", - дейді баланың анасы.

    Дәрігерлердің мәліметінше, балақайдың жағдайы орташа ауырлықта. Мамандар алақан терісін баланың саусағына жамаған. Алда тағы бір күрделі ота бар.

    "15 күннен кейін біздің жасаған отамыздың анастомозы толық жазылғаннан кейін, анастамозы ашу мақсатында екінші жоспарлы ота тағайындалды", - деді оталық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Жеңісбек Кәрбоз.

    Қызылордада ойын алаңына барған екі жасар бала саусағынан айырыла жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.