jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды

    Темір жол
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін Қарағанды ​​облысында "Шұбаркөл Көмір" акционерлік қоғамының ішкі теміржол желісінде пойыз жұмысшыны қағып, мерт қылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "2024 жылғы 15 қаңтарда "Шұбаркөл көмір" АҚ ішкі теміржол жолдарында жұмысшы қаза тапты. Жұмыс барысында бағыттамалық бекеттің кезекшісі бос вагондардың қозғалмалы құрамының астына түсіп кеткен", - делінген хабарламада.

    Компания мәліметінше, оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмысты бастады.

    "Шұбаркөл көмір ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", - деді компания өкілдері.

    Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.