jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда төрт жасар қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Төрт жасар қыз бала бесінші қабаттан құлап, бас жарақатын алды. Оқыс жағдай 9 мамырда күндіз Павлодарда болған. Алғашқы көмек көрсетуге шақырған жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 9 мамыр сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

    Зардап шеккен төрт жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтылады. Қыз қазір травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

    Айта кетейік, 8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кеткенін жазған едік. ТЖМ ақпаратынша, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап кеткен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.

    Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

    Павлодарда төрт жасар қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.