jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Батып кете жаздады": ТЖМ Есілде 19 жастағы ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады (видео)

    2005 жылы туылған ер адам
    Құтқарылған ер адам. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Астанада 2005 жылы туған ер адам суға батып кете жаздады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ол сапбордпен жүзіп жатқан кезде өзенге құлап кеткен, салдарынан оған құтқарушылардың көмегі қажет болды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында Есіл өзеніне құлап кеткен ер адамды құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Ведомство ақпараты бойынша, елордада жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сапбордпен жүзіп жүріп, суға құлап кеткен 2005 жылы туған ер адамның өмірін сақтап қалған.

    "Ол судан шығарылып, қайықпен жағаға жеткізілді. 19 жастағы жігітке медициналық көмек қажет болған жоқ, жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ТЖМ өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан судағы тәртіп ережелерін сақтауды сұрайды.

    "Батып кете жаздады": ТЖМ Есілде 19 жастағы ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.