Алматыда қайғылы жағдайдан кейін "Абай" метро бекеті уақытша жабылды
Жарияланған күні:

Алматы қаласы "Метрополитен" баспасөз қызметі бүгін болған қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Метрополитен ақпаратынша, 10 желтоқсан күні сағат 15:41-де "Абай" метро бекетінде жолаушы платформадан құлап кетті.
"Станция кезекшісі мен машинисттің жедел әрекетінің арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға шығарылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.
"Абай" бекеті тергеу амалдары аяқталғанға дейін уақытша жабық. Метрополитен басқа бағытта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда полиция қызметкерлерінің тергеу амалдары аяқталғанша "Абай" бекетіне кіру және пойыздар аталған бекетте уақытша тоқтамайды", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда метро рельсіне құлап кеткен ер адам қаза тапқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2198586-almatyda-qaigyly-zhagdaidan-keiin-abai-metro-beketi-uaqytsha-zhabyldy/