Оқыс оқиға

Зектілері

Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

Жарияланған күні:

жансақтау
Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты. Аталған жайт бойынша алдын ала тергеу басталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады.

"Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", -  деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

"13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Оған "омыртқа мен жамбас сүйектерінің көп жерден сынуы" және "1-2 дәрежелі жарақаттық шок" диагнозы қойылған. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды", - деп хабарлады дәрігерлер.

Жұмысшы сырғанақтыы бұзу кезінде 3 метр биіктіктен құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2221115-qostanaidy-syrganaqty-buzu-kezinde-zhumysshy-biikten-qulap-koz-zhumdy/