jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында 12 жасар бала доп ойнап жүріп ауруханаға түсті

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақмола облысының Атбасар қаласында қатты жел тұрып, доп ойнап жүрген бала футбол алаңының жасанды төсенішіне бастырылып қалған, деп хабарлайды Kazinform.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Атбасар ауданының әкімдігі қатты жел кесірінен шағын аудандағы футбол алаңының жасанды төсенішін жел қопарғанын мәлім етті.

    "Алаңда 17.11.2013 жылы туған бала ойнап жүрген. Жасанды төсеніштің бір бөлігі оны басып қалған. Ол бірден аудандық аурухана жеткізілді. Денесінде жарақаттар бар, жағдайы тұрақты. Травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр", — деп мәлім етті әкімдіктегілер.

    Әкімдік өкілдері аяқтың астында жату керек төсеніш неге желге төтеп бермегенін түсіндірді.

    "Әуел баста жоспарымыз бойынша ол жерде қарапайым ойын алаңы түсу керек болған. Жаңа мердігер алаңды жақсылап жабдықтап, толықтай жасанды төсеніш салып шыққан. Бәлкім ойыннан жабынның шеті мүжілген шығар, соның салдарынан жел көтеріп кетсе керек. Құрылыс бөлімі ойын алаңын қалпына келтіреді", — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.