jitsu gif
Оқыс оқиға

    ШҚО-да топырақ опырылып екі адам қаза болды: оқиға орнына облыс әкімі барды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: ШҚО әкімдігі

    ШҚО-дағы Үлкен Нарын ауылында топырақ опырылып, апат болған жерде жұмыс істеп жүрген екі жұмысшы мерт болған. Оқиға орнына шұғыл түрде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барған, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері дәнекерлеуші мен слесарь қаза тапқан.

    Оқиға орнына барған облыс әкімі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, әкімдік оларға жан-жақты қолдау көрсетінін жеткізген.

    Сондай-ақ арнайы комиссия мүшелеріне өндірістік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы регламенттерді түбегейлі қайта қарау қажеттігін айтқан.

    "Бейбіт уақытта өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан адам өлімінің болуы мүлде жол берілмейтін жағдай. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы кез келген кәсіпорын үшін ең жоғары басымдықта болуы тиіс – бұл кез келген экономикалық мүддеден маңызды", - деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

    Сонымен қатар Сақтағанов тиісті органдарға оқиғаның себеп-салдарын анықтап, оған кінәлі адамдардың жауапкершілігін белгілеу үшін жан-жақты әрі әділ тексеру жүргізуді тапсырған.

    ШҚО әкімдігінің өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандардың отбасыларына республикалық бюджеттен өтемақы төленеді, сондай-ақ сақтандыру тетіктері арқылы қарастырылған өтемақылар беріледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.