"Екінші қабаттан құлаған бала ажал құшты": дәрігерлер төменгі қабатта тұратындарды да абай болуға шақырды
Опубликовано:

Жыл басынан бері елімізде қараусыз қалған 60 бала терезеден құлаған. Өкінішке қарай, жан тапсырған жайттар аз емес, тіпті екінші қабаттан да құлаудың соңы өлімге әкеп соқтырған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Былтырдың өзінде осындай 200-ге жуық жағдай тіркелген. Оқыс жағдайдың көбі балалардың шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кетуінен болған. Өйткені мұндай тор баланың салмағын көтере алмайды. Оқиғалардың жиілеуіне алаңдаған құтқарушылар қазір алдын алу шарасын күшейтті. Десе де мамандардың айтуынша, негізгі құрал тек үгіт-насихат.
Қауіпсіздік тек жоғарғы қабатта ғана сақталуы керек деген де қате түсінік. Дәрігерлер екінші қабаттан құлап ажал құшқандарды мысалға келтірді.
"Көп жағдайда егер үй биікте болса, жарақаты ауыр болады дейді. Физикалық тұрғыда алатын болсақ, қабат биіктеген сайын ауырлығы күшейеді. Бірақ төменгі қабатта түрлі жарақат алуы мүмкін. Соңғы жайтты айтсақ, екінші қабаттан құлаған бала қайтыс болды", - дейді Астана қаласы №2 көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары Динат Қожекенов.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2247150-ekinshi-qabattan-qulau-da-olimge-akelui-mumkin-biyl-qazaqstanda-60-bala-terezeden-qulagan/