jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қарағанды облысында екі жасар баланы пойыз қағып кетті

    пойыз рэлсі
    Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Большая Михайловка бекетінде екі жасар баланы пойыз қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Жазбаға қатысты ҚТЖ өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жазба Temirtau.today Instagram-аккаунтында жарияланды. Жазба авторларының жазуынша, пойыз кішкентай баланы қағып кеткен.

    "Жергілікті тұрғындар шошып қалған және теміржол бойында қалқан ретінде торлар қоюды талап етіп отыр. Адамдар балаларына ие бола алмай қаламыз деп қорқып отыр", - делінген жарияланымда.

    KAZ.NUR.KZ ҚТЖ мен көліктегі полицияға жүгініп, пікір сұрады.

    "2025 жылғы 1 маусымда сағат 11:47-де Қарағанды-Ақадыр участогының Қарағанөзек-Қарабас өткелінде жүк көлігінің машинисі теміржолға екі жасар баланың шығып кетуіне байланысты пойызды шұғыл тоқтатқан.

    Зардап шегушіні ата-анасы жарақаттармен Қарағанды балалар ауруханасына жеткізген.

    Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сортировочная станциясының желілік полиция бөлімшесіне хабарланды", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Көліктегі полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    "Қарағанды-Сортировочная желілік полиция бөлімшесі жол қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметі.

    Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.