jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылды: бір адам қаза тапты (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр видеодан: instagram.com/gazeta_diapazon

    Газ Ақтөбедегі Абай даңғылындағы тұрғын үй пәтерінде болған. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Диапазон" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр, барлық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Пәтерде газ-ауа қоспасы жарылған, салдарынан пәтер өртке оранған.

    Өрт шамамен 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Одан бөлек 3 және 4 қабаттар арасында қабатаралық конструкция құлап түскен. Өңір ТЖД өкілдері 73 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, бір адам құтқарылғанын мәлім етті.

    "Алдын ала дерек бойынша оқиға салдарынан бір адам көз жұмған. Апаттық-құтқару жұмыстары мен үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ведомство қызметкерлері.

    Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеп жатыр.

    ТЖД оқиға себептері анықталып жатқанын атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.