jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылып кетті (видео)

    Көліктің жарылуы
    Көліктің жарылуы. Скриншот: instagram.com/112_mangystau

    Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында көлік өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік жарылып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Istagram желісіндегі cenzura_aktau паблигінде Бейнеу ауылындағы өрт болған жерден куәгерлер түсірген видео жарияланған. Кадрлардан өрт сөндіруші өртке оранған автомобильді сөндіріп жатқанын көруге болады. Артынша жарылыс болады.

    Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Майлин көшесінде жеңіл көлік 15 маусымда сағат 12:21-де өртенгенін хабарлады.

    "Өртті сөндіру үшін бір бірлік техника мен №6 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамының алты қызметкері жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Ал видеодағы өрт сөндіруші зардап шекпеген.

    Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.