jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында теміржолда екі адам қаза болды

    пойыз
    Пойыз. Көрнекі фото: t.me/PR_KTZh

    Алматы облысында теміржолда екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға жайлы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "ҚТЖ-ның" мәліметінше, оқыс оқиға 2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы – 1 учаскесінде тіркелген.

    Пойыз машинисі екі адамның теміржолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған, алайды қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

    "Олар локомотив сигналдарына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады.

    Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Осы орайда "ҚТЖ" өкілдері теміржолға қатысты ережелерді қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.